14 бөлім. Пайғамбарымыздың (ﷺ) пайғамбарлығы басталғанға дейінгі құт-берекесі туралы.

14 бөлім. Пайғамбарымыздың (ﷺ) пайғамбарлығы басталғанға дейінгі құт-берекесі туралы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағаланың адамзаттың асылына (ﷺ) сыйлаған құт-берекесінің бірінші көрінген кезі – Мұхаммедтің сүт анасы Халиманың жанұясында тұрған кезінде болған. Бүлдіршін Мұхаммедтің сүт анасының үйіне келерден бұрын, олардың жайылымдары кеуіп қалған әрі құнарсыз еді. Олармен бірге тұра бастағаннан, жайылымнан олардың жануарларының желіндері сүтке толып келетін болған. Имам әл-Бусайри, ол кісіге Алланың рақымы болсын, ол жөнінде «Хамзийде» былай айтқан болатын: «Алла адамдарды бақыттыға бағындырғанда, олардың өздері де бақытты бола бастайды». Содан кейін оның кеудесін жарып, жүрегінен шайтанның үлесі алынып тасталған болатын. Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Расында, Алла Құдіретті. Кімге бұл оғаш болып көрінсе, ол Алла Тағаланың Құдіреттілігінен хабарсыз және аз ойланатын жан. Пайғамбарлар үшін әдеттегі дүниелер ретін бұзу – әлдебір ғаламат және адам нанғысыз нәрсе емес. Алланың көрсеткен басқа мейірімділігі Шамға сапары кезінде Пайғамбарымызға (ﷺ) бұлттарды бағындыруы еді. Олар ашық күнде оған  толығымен көлеңке түсірген, керуендегі басқа біреуіне түсірмей, тек жалғыз Мұхаммедке (ﷺ) ғана түсірген. Мұны Хадишаның құлы Майсара байқаған, ол сапарда Алла Елшісіне (ﷺ) еріп жүрген. Бұл Хадишаға қатты ұнайды, әңгімеден кейін оны керемет болашақ күтіп тұрғанына көзі жетіп, оған құдаласады. Сондықтан да Мұхаммедке (ﷺ) уахилер келе бастағанда, ол бірден оған сенеді. Оған басқа дәлелдер қажет емес еді, оған оның көркем мінезі мен оның кереметтері туралы айтылатын әңгімелер жеткілікті болатын. Сондай-ақ, тастар мен ағаштардың Пайғамбарымызбен (ﷺ) амандасуы - оның кереметтерінен болған. Ол өз қажеттілігін өтемек болып үйлерден алыстап, таулар мен алқаптарға жасырынғанда, барлық тастар мен ағаштар: «Саған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уа, Алла Елшісі!», - деп сәлем беретін болған.[1] Ол жан-

жағына қарайтын, бірақ айналасында ешкім болмайтын. Осы жайында оның өзі (ﷺ) де айтатын. Мұнда тұрған еш таңғаларлық нәрсе жоқ, өйткені Алла Тағала жансыз заттарды оған дейінгі пайғамбарларға да бағындырған. Мұсаның (ғ.с.) асатаяғы жыланға айналып Перғауынның сиқыршылары жасаған нәрсені жұтып алып, қайтадан асатаяқ бола қалған. Басқа бір кезде Мұса (ғ.с.) асатаяғымен тасты ұрғанда, тастан он екі бұлақ көздері шыққан, яһудилердің әрбір тайпасына бір-бірден. Ақыл иелері олардың ұлы дәрежесі мен жоғары орындарын көрсін деп, басқа да пайғамбарларға Алла жансыз заттарды осылайша бағындырған.  



[1] Бұл оқиға «ас-Сира әл-Халябийяда» келтірілген. Тастардың Алла Елшісімен (ﷺ) сөйлесетін хадистері аз келтірілмеген. Осылай, имам Мүслім Пайғамбарымыздың былай айтқанын жеткізген: «Меккеде мен бір тасты білемін, ол менімен пайғамбарлық басталмай тұрып-ақ амандасатын…».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: