Сингапурде коронавирусқа қатысты пәтуа шығарылды

Сингапурде коронавирусқа қатысты пәтуа шығарылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сингапур мемлекетінің Ислами-діни Кеңесі елдегі мұсылмандарға арнап жаңа пәтуа шығарды. Жаңа пәтуа негізінде діни басшылар өздерін жайсыз сезінген немесе карантинге жатқызылған мұсылмандардың жұма намазына келмеуін ескертеді.

Жаңа пәтуа Сингапурде коронавирус дертін жұқтыру белгілері тіркелген соң шығарылып отыр. Айта кетейік, 31-қаңтар күні Сингапур Денсаулық сақтау министрлігі 13 адамның аталмыш дертке шалдыққаны туралы мәлімдеген болатын.

Ислами-діни Кеңес мүшелері, сондай-ақ, ел азаматтарын коронавирус дерті жайлы даурықпа әңгімелерді өршітіп, қоғам арасында қорқыныш пен үрей туғызбауға шақырып отыр.

«Сингапурлық мұсылмандар аталмыш аурудың таралуына жол бермеуге және жағдайдың бақылауда болуына жауапкершілік сезінуі тиіс. Ислам діні бізді қоғам игілігі үшін қызмет жасауға үндейді», – делінген Кеңестің сайтында.

Дереккөз: Muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: