Пайғамбарымыздың (ﷺ) дәуірінде Ярмук соғысы болды. Бұл соғыста сахабалардың көпшілігі шейіт болды. Соғыс аса қиынға соқты. Сол соғыста сахабалардың бір-біріне деген бауырмашылдығы ерекше байқалды.
Хұзайфа деген сахаба, соғыста ағасының баласының жараланып жерге құлағанын көреді. Қолына су құйылған ыдысты алып, жүгіріп жанына барады. Жерде ыңырсып жатқан бауырына су бермек болып жатқанда, жанында «су! су!» деп ыңырсып шыққан дауыс естілді. Мұны естіген бауыры, Хұзайфаға соған апар деп ишара жасайды. Хұзайфа су алып дереу жанына барады. Сол кезде тағы бір сахабаның «су! су!» деп ыңырсыған дауысы естіледі.
Суды ішуге ыңғайланып жатқан екінші жаралы әлгі дауысты естісімен Хұзайфаға ишара жасап соған алып бар дейді. Хұзайфа үшінші жаралының жанына барып су бермек болғанда, оның жаны үзіліп кетеді. Дереу екінші жаралыға алып бармақ болып жүгіре жөнеледі. Оның да жан тәсілім еткенін көреді. Ең болмағанда ағасының баласы ішсін деп жүгіріп келгенде ол да о дүниелік болыпты... Жаралылардың ешқайсысына нәсіп болмаған су, осылайша, Хұзайфаның қолында қала берді...
asyldin.kz