Байзақ ауданы Көкбастау ауылы "Қалмұрат баба" мешітінде "Абдіқадыр" мешітінің имамы Айнабек Ахметов жамағатымен кездесіп, "Ислам дініндегі құлшылықтың орны" атты тақырыбында уағыз - насихат айтты.
Насихат барысында адам баласының өміріндегі құлшылықтың орны ерекше екені, әрбір құлшылыққа сауаптың ерекше берілетіндігі турасында айтып өтті.
Насихатты тыңдаған жамағат алғыстарын айтып, ақсақалдарымыз батасын берді.


21 Сентябрь 2026
8 Раби-сани 1448

