Хазірет Османның (р.а.) мұсылман болуы

Хазірет Османның (р.а.) мұсылман болуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазірет Осман (р.а.) келтірген: «Бірде нағашы әпкем Абдул Мутталибқызы Ұруаның үйіне баc сұқтым. Сол үйге Пайғамбарымызда (ﷺ) келіп қалды. Мен ол кісіден көз алмай қарап қалыппым. Неге екенін, сол күні ол кісіге бір нәрсе болғандай көрінді. Мені байқап «Неге тесіле қарадың?» деп сұрады. Мен «Артықшылығыңызға, арамыздағы алатын орныңызға және сіз туралы айтылғандарға қайран қалып тұрмын» дедім.

Ол кісі «Лә иләһә илләллаһ» (Алладан басқа тәңір жоқ) деді. Бұл сөз менің тұла бойымды шымырлатып жіберді. Іле мына аятты оқыды: «Нағыз сенгісі келетіндер үшін жер бетінде көптеген дәлелдер бар. Өз болмыстарының өзінде де сондай дәлелдер бар. Әлі көрмедіңдер ме? Көкте әрі ризықтарың, әрі сендерге уәде етілген Жұмақ бар» (51:22-23). Сөйтті де үйден шығып жүре берді. Мен де ілесе шықтым. Жолда мұсылман болғым келетінін білдірдім.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: