Ибн Мәсғуд (р.а.) айтқан екен:
– Құран жолын ұстанғандар түнде жұрт ұйықтап жатқанда – ояу болуы, күндіз жұрт жеп-ішкенде – ораза ұстауы, олар көңіл көтеріп жатқанда – ой құшағында болуы, басқалар кеуде соққанда – қарапайымдылық танытуы керек. Құран жолындағылар көкірегі мұңды, көзі жасқа толы болуы керек. Хикмет, ілім, даналықты бойына сіңіруі ләзім. Олар аз сөйлейді. Ғапылдық, сабырсыздық оларға тән емес.
asyldin.kz


14 Июль 2026
28 Мухаррам 1448

