Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылында келешегіміз болған жастармен имани жүздесу өтті. Аталған игі іс-шараны ауданның бас имамы Рысбай Еспенбетов жүргізді.
Абай атындағы орта мектепте өткен кездесуге жоғарғы сынып оқушылары қатысып, дін маманының «Рухани тәрбие - имандылық өзегі» атты тақырыптағы насихатын тыңдады.
Рысбай Еспенбетов рухани тәрбиенің маңызы, жемісі, имандылыққа берер пайдасы турасында сөз қозғап, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауап берді.



08 Март 2026
19 Рамадан 1447

