Хиджабтағы "өрмекші әйел" әлемдік рекорд орнатты (ВИДЕО)

Хиджабтағы "өрмекші әйел" әлемдік рекорд орнатты (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шариғат шәлісі кедергі емес! Бұл ақиқатты тағы бір мұсылман спортшысы растады. Орамалдағы Альпинист Эриес Сусанти Рахайу әлем жұлдызына айналды.

Өткен аптада ғана 24 жастағы мұсылман қыз тауға өрмелеуден өткен әлем чемпионатында бас кубокқа ие болды. Сайыс Қытайда өткен болатын. Альпинисттер уақыт бойынша 15 метрлік биіктікке аз уақыттың ішінде өрмелеуге тиіс.

Индонезиялық ару оны барлығынан жылдам орындап, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Қыз 15 метрлік қашықтықты 6, 995 секундта жүріп өтті. Бұған дейін мұндай көрсеткішке жету ешбір әйелге бұйырмаған етін. Осындай керемет өнері үшін оны көпшілік "өрмекші әйел" атап кетті.  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: