Немістердің Lilium компаниясы ұшатын такисді сынақтан өткізді. Ол бірнеше шақырымды артқа тастап, жерге сәтті қонды. Аталмыш компания 2025 жылы осынау әуе қатынасына арналған көлік түрімен жолаушыларды тасмалдауды жоспарлап отыр.
Lilium-ның таксиі алғашқы сынақта сағатына 100 шақырым қашықтықты бағындырды. Ұшып-қону үшін соншалықты үлкен жолақты немесе алаңды қажет етпейді.
Болашақта Lilium жылдамдығын сағатына 300 шақырымға арттыруды көздеп отыр. Бұл жолаушыларды қалалар арасында жылдам тасымалдауға жеткілікті меже. Ұшатын такси кабинасы 8 адамға шақталған.
islam.kz