Дүниежүзілік қол жуу күні бар екенін білесіз бе?

Дүниежүзілік қол жуу күні бар екенін білесіз бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БҰҰ-ның балалары қоры ресми түрде 15 қазанда Дүниежүзілік қол жуу күні деп жариялады. Алғаш рет бұл мейрам 2008 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Санитария күні деп жариялауы аясында өтті. 

Бір қарағанда, өз қолыңды жуу мәселесі — әр адамның жеке басының ісі болып көрінеді. Екінші жағынан, БҰҰ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары атап өткендей, жуылмаған қол мәселесі, оған әлемдік ауқымда қарайтын болса апаттық салдарға әкеп соқтыруы мүмкін [1].

https://sputniknews.kz/video/20161017/842689.html

Осы қол жууға байланысты сандарды сөйлетсек, бір жылда орта есеппен 300-ден астам жұқпалы аурулар кір қолдар арқылы жұғады екен.  Тіпті, жыл сайын 1,4 миллионнан астам бала лас қолға байланысты инфекциялардан көз жұмады, деп хабарлайды Роспотребнадзор.

ҚР ДСМ 2013 жылғы 23 сәуірде бекітілген №111 бұйрығының 2 тармағы Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын өңдеу бойынша және ауруханаішілік инфекциялар профилактикасы үшін пациенттер мен мед.персоналдардың күнделікті қол жууы әдістемелік нұсқаулықтарда көрсетілген. Ол бұйрық көрнекі ретінде сурет түрінде әрбір аурухананың қол жуатын сұқұбырларының жанында ілініп тұрады.

Енді осының бәрін не үшін айтылды? Медицина ғылымы мен дінді де зерттеп жүрген маман ретінде айтатын болсам, осы қол жуу Ислам дінінің дәретін еріксіз еске түсіреді. Яғни медицина ғылымы мен дін арасында осындай тазалық сақтау бойынша да қарым-қатынас өте тығыз әрі берік деп ойлаймын. Бастысы ниет бір Алла разылығы үшін болу керек.

Асылбеков Данияр Макашулы,

терапевт-кардиолог және дінтану магистрі

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: