ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Алдасаева, Қордай ауданының бас имамы Куттыбаев Даурен, Аудандық мешіттің ұстаздары Асқар Зәкіржанұлы, Эльмира Есимкараеваның қатысуымен, аудандық «Қордай» мешітінің шәкірттері сауат ашу курсының ІІІ-ші сатысы бойынша емтихан тапсырды.
Сыннан сүрінбей өткен 9 қыз-келіншектер сертификатпен марапатталды. Аудан имамы білім алудың артықшылығымен маңызы жайлы уағыз айттып, алдағы уақытта да білімді күшейтуге үндеді.
Шәкірттер емтиханда жақсы нәтиже көрсетіп, ұстаз үмітін ақтады.
"Қордай" мешітінің баспасөз қызметі.



13 Ноябрь 2025
22 Джумада-авваль 1447

