ҚМДБ мен «ҚазИнст» арасында келіссөздер жүргізілді

ҚМДБ мен «ҚазИнст» арасында келіссөздер жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ жанындағы «Халал даму» ұйымының директоры Елжанов Ануар «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының» бас директоры Кәрібжанов Хайрат Сәлімұлымен іскерлік кездесу өткізді.

Кездесу мақсаты сарапшы-технолог, технолог, аудитор мамандарының оқу курстары арқылы стандарттау саласындағы біліктілігін арттыра отырып, өзара тәжірибе алмасу жайлы болды. Кездесу барысында білім және зерттеу басқармасы бөлімінің басшысы Каримова Гүлмайда Қонысбайқызы оқу курстары жөнінде толық ақпарат берді.

Атап айтқанда, халал стандарттарды әзірлеу жөніндегі сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды.

Екі жақты келіссөздер нәтижесінде «ҚазИнст» мамандарының жетекшілігімен «Халал даму» ЖШС ұйымының мамандарына «Тағам қауіпсіздігі» саласы бойынша оқу курстарын өткізу туралы келісімге келді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: