Қажылықтың умрадан басты 3 айырмашылығы неде?

Қажылықтың умрадан басты 3 айырмашылығы неде?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылық пен умра – құлшылықтың бір түрі болып табылмайды. Бұл екі құлшылықтың бір жерде атқарылатындығына қарамастан, түп-тамырында бір-бірінен қатты ерекшеленеді. «Кіші қажылық» деп аталатын умра негізгі қажылықтың маңыздылығы мен мән-мағынасын ашып көрсетеді. Қасиетті Мекке қаласында жасалатын қажылық пен умраның ихрам, Қағбаны тәуәп жасау, Сафа мен Маруа жоталарының арасында жүгіру және шашты қию немесе шашты қысқарту сияқты өздеріне тән міндетті рәсімдері бар. Алайда осымен екі құлшылықтың ұқсастығы аяқталады.

Сонымен, олардың айырмашылығы неде?

1. Қосымша рәсімдер.

Жоғарыда айтылып өткен рәсімдер умраны өтеуде негізгі болып табылады, ал қажылықты өтеуде бұған қоса басқа да рәсімдер өтелуі тиіс.

Мысалы үшін,  бірнеше күн Мина жазығында тұру, Мұздалиф алқабында түнеу, Арафат тауына шығу. Умрада барлық қажетті рәсімдер бірнеше сағаттың ішінде атқарылып шығатындықтан умраны «кіші қажылық» деп атайды. Ал қажылық кем дегенде 4 күн және 3 түн бойы атқарылады.

2. Уақыт шегі.

Қажылық пен умра атқарылатын уақыт тағы бір маңызды шарт болып табылады. Қажылықтың тек Зүл-қижа айында атқарылатыны белгілі, ал умраны жылдың кез-келген уақытында өтеуге болады.

3. исламда алатын орны.

Негізі, асыл дініміз исламда қажылық пен умраның алатын орындары әртүрлі. Қажылық ислам дінінің парыз шарттарының бірі болып табылады.

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «...Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зират ету (хаж қылу) керек...» (3:97).

Ендеше, күллі мұсылман ғалымдарының бірауыздан айтқан пікірі бойынша, жағдайы мен мүмкіндігі бар әрбір мұсылманның өмірінде бір рет қажылық парызын өтеуі міндет болып табылады. Ал умраға келер болсақ, оны өтеу міндет емес, алайда сүннет болып табылады. Егер умраны өтеу мүмкіндігі бола қалса, сол мүмкіндікті пайдаланып, умраны өтеп алған абзал.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: