"Һибатулла Тарази" медресесінің оқу бітіруші түлектері балалар үйіне барып, қайырымдылық ұйымдастырып қайтты.
"Жетім көрсең, жебей жүр" демекші, жас түлектер балаларға түрлі ойыншықтар сыйлап, бүлдіршіндерді қуантты. Ойыншықтармен бірге ойнап, жеткіншектермен сұхбаттасып, әңгіме-дүкен құрып, көңіл көтерді.
Қуаныштан жүздерін күлкі жаулаған балалар сый әкелген ағаларын құшақтап, тілдесіп жатты. Ал үлкен ағалар болса, бата беріп, жастарға дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.




07 Август 2026
22 Сафар 1448

