Ғылым исламдағы басты тыйымдардың бірінің дұрыстығын дәлелдеді

Ғылым исламдағы басты тыйымдардың бірінің дұрыстығын дәлелдеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тіпті аз мөлшердегі алкогольдің өзі денсаулыққа орасан зиян келтіреді.

Ғылым кезекті рет исламдағы тыйымдардың дұрыстығы мен негізділігін дәлелдеп берді. BMJ журналында жарық көрген мақалада британ ғалымдары тиісті зерттеулердің нәтижелері бойынша өз тұжырымдамаларын келтірген, онда былай делінген: «Тіпті аз мөлшердегі алкогольдің өзі мидың солуына әкеліп соғады».

Бір топ ғалымдар соңғы 30 жылдағы медициналық статистиканы жинап, талдау жасаған, олар 40 жастан жоғары жас шамасында британ әйелдері мен еркектерінің қаншалықты алкоголь ішкен деректерімен қоса олардың ми кескін-суреттерін де жинаған екен.

Ғалымдар кездейсоқ түрде деректері статистикада бар 550 адамды таңдап алып, олармен әңгіме жүргізген. 

Нәтиже көрсеткендей, бұл адамдардың есте сақтауы мен ұғымпаздығы соңғы бес жылда айтарлықтай нашарлаған. 

Бір таңғаларлығы, ғалымдардың айтуы бойынша, айтылған әсерлердің күші – ішілген спиртті ішімдіктердің мөлшерімен бірге өсіп отырған, бұл алкоголь мен ми солуының тікелей байланысын көрсетеді.

«Бірқатар ғалымдар азғана мөлшердегі спирттік ішімдік ми жұмысын жақсартады деп сендірген тұжырымдаманы, біздің зерттеулеріміздің нәтижесі оның бір де бір белгісін көрсетпеді.  Керісінше, тіпті болмашы мөлшердегі алкогольді ішудің өзі ми мен жүйке жүйесінің жұмысын едәуір нашарлатады», - деп айтқан Оксфорд университетінің зерттеу жүргізуші ғалымдардың  бірі Ания Топилова.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: