Young zapik деген лақап аты бар белгісіз рэпер хиджабтың сұлулығы туралы «Хиджабтағы қыз» әніне түсірген клипын өзбекстандық әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылауда.
«Озодлик» ресурсының мәлімдеуінше, әннің негізі хижабтағы қызға сүйіспеншілік білдіру жайында.
Әннің мәтінінде «хиджаб оған сондай жарасады», сондай-ақ, қыздың тақуалығы да тілге тиек етіледі. Рэпер «үйінде өзінің пешенесіне жазылған сүйіктісін күтіп отырған» мұсылман шәлісіне оранған қыздың сыпайылығы мен ұялшақтығын ерекше атап өткен.
Аталмыш ресурстың айтуынша, Өзбекстанда хиджабты «насихаттауға» орай жасырын тыйым салынған және хиджабты насихаттаушы әндерді орындауға ресми тыйым салынған.
asyldin.kz