Балтасин ауданына қарасты Борбаш ауылында орналасқан мұсылман пансионаты «Ярдәм» білім беру қызметін бастады.
Білім беру мекемесінің салтанатты ашылу рәсімі қазан айына жоспарланғанына қарамастан, шәкірттер білім алуға кірісіп кеткен.
Пансионат көп балалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп жасындағы 30 ұлға шамаланып салынған. Қазіргі таңда 2018-2019 жаңа оқу жылдарына 5-7 сыныптарға балаларды қабылдау жүріп жатыр.
Аталмыш пансионаттағы балалар пансионат ғимаратының маңында орналасқан жалпы орта білім беретін мектептен дүнияуи білім алады, сонымен қатар, демалыс күндері кешкілік рухани-өнегелік сабақтар мен факультативтерге де қатысатын болады.
Пансионат түлектері оқуларын Ресей ислам институтында жалғастыра алады. Бұл жерде білім алатын балалар мектепке қажетті оқу-құралдармен, киімдермен және жәрдемақымен қамтамасыз етілетін болады.
asyldin.kz