Израиль тарихында тұңғыш рет Әскери-әуе күштерін нәзік жандар өкілі жоғары лауазымға тағайындалды.
Израиль БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, әйел қауымының өкілі ӘӘК 122-ші шолғыншы эскадрильясын басқаратын болды.
Есімі аталмаған әйел адамға подполковник шенін беріп әрі оны эскадрилья командирі лауазымына тағайындау туралы бұйрыққа Израиль ӘӘК генерал-майоры қол қойған екен.
Нәзік жанды израилдық әскери қызметін 2003 жылы бастағаны мәлімденген. Алғашында көлік ұшағын жүргізген ол кейін келе 135-ші эскадрильяға ауысып, бір мезгілде ӘӘК ұшу мектебінде әртүрлі лауазымдарды атқарған.
Бақ өкілдеріне берген сұхбатында келіншек өзінің тағайындалуы туралы «үлкен артықшылық әрі үлкен жауапкершілік» деп атап өткен.
asyldin.kz


18 Ноябрь 2025
27 Джумада-авваль 1447

