Қырғыз қажыларының алғашқы тобы бүгін түнде Сауд Арабиясына аттанады. Бұл туралы Қырғыз мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпарат көзінінің мәліметінше, 300 қажы сағат 02:00-де Бішкек-Мәдина бағытында ұшады. «Манас» халықаралық әуежайында қажыларды шығарып салу шарасына ҚР мүфтиі Мақсат қажы Токтомушов қатысады.
Қырғыз қажыларының бірінші тобына алты жетекші бекітілген: Кабылбек Акматов, Нурдин уулу Суйунбек, Кенжебек Кекебаев, Сулумбек Узеналиев, Акимбай уулу Равшанбек және Шамсидин Кадыров.
kazislam.kz