Иран Қажылық ұйымының басшысы Хамид Мохаммади биыл Мекке қаласына қажылыққа 85 200 иран мұсылмандары баратынын мәлімдеді.
Ұйым басшысы Иран қажылары бекітілген кестеге сәйкес қажылық сапарына 18 шілде күні шығып, Сауд Арабиясында 31-40 күндей болады, деп хабарлайды Mehr News.
Хамид Мохаммади осы қажылық маусымында иран азаматтарына көрсетілетін қызметтер мен нысандар туралы айта келе, барлық қызмет түрі 85 мың ирандыққа жасалатынын жеткізді.
Сонымен қатар, ол осы қызметтер орындалуы үшін тиісті шаралар қабылданғанын, қажыларға қызмет көрсетуге арнайы жұмыстар жүргізілгенін, мәселен, мейманхана, ұшу сапарлары, медициналық қызметтер, т.б.дайындалғанын атап өтті.
kazislam.kz