Үкімет шешімімен жабылған мешіт қайта ашылды

Үкімет шешімімен жабылған мешіт қайта ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Австрия үкіметі тарапынан жабылған Венада орналасқан мешіттердің бірі, ресми тұлғалар анықтаған кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан мұсылмандар үшін есігін ашты.

Австрия үкіметінің мешітті жабу туралы шешімі бізді таң қалдырған, — деді Венадағы Алперентар мешіті президенті Хаи Ягчи.

«Біздің мешіт 1992 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатты. Мешіт туралы жағымсыз ешқашан айтылмаған еді. Бірақ таяуда баспасөз бетінде біздің қауымдастығымыз туралы негізсіз жаңалықтар таратылды», — деді ол.

Ягкидің айтуынша, мешіт көптеген жылдар бойы мешіттің қарама-қарсы орналасқан шіркеуден келген діни қызметкерлермен жақсы қарым-қатынас орнатып келеді және екі діннің дін өкілдері аймақтың проблемаларын бірлесіп талқылайды.

«Біз Австрияның Ислам діни басқармасының мүшесіміз және арнайы жарналарды төлейміз. Біз өз кемшіліктерімізді түзедік, енді біздің қауымдастық осында дұға ете алады », — деді мешіттің президенті.

Естеріңізге сала кетейік, осы айдың басында Австрия канцлері Себастьян Куртз елдегі 7 мешітті жабып, 40 шетелдік имамдарды депортациялау туралы шешімін жариялады. Бұл елдің ғана емес, сонымен бірге халықаралық қоғамның наразылығын тудырды.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: