Қордай аудандық мешітінің имамдары кезекті кездесулер легін атқарды.
Бас имам Дәуренбек Жандосұлы №47 орта мектеп оқушыларымен кездессе, наиб имам Асқар Сатылғанов «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттермен кездесу өткізді.
Кездесулер «Отанды сүю – иманнан» тақырыбы аясында болды. Студенттер мен оқушыларға елге деген құрмет, туған жерге деген қызмет туралы ой өрбітіп, ата-ана алдындағы ұл-қыздың міндеттері туралы айтылды. Сондай-ақ, жат ағымдар туралы дін қызметкерлері өскелең ұрпаққа терең мағлұмат беріп өтті. Жиналған жастар имамдарға көкейкесті сұрақтарын қойып ,нақты жауаптарын алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі



17 Январь 2026
28 Раджаб 1447

