Дубай халықаралық кинофестивалі 2004 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алайда 2018 жылғы Дубай халықаралық кинофестивалі өткізілмейтін болды. Жуырда БАҚ-та пайда болған сыбыстарды іс-шара ұйымдастырушылары ресми түрде растап отыр.
«Индустрия жылдам өзгеруде, онымен бірге біз де өзгерудеміз. Дубай халықаралық кинофестивалінің ұйымдастырушысы жаңа тәсілдер қолданып көрмекші – бұдан былай фестиваль екі жылда бір рет өткізілетін болады және 2019 жылы 15-ші инкарнация орын алады», - деп мәлімденген Twitter микроблогында.
Фестивалдің нақты өткізілетін күні кейінірек белгілі болады. Айта кету керек, 2004 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан кинофестиваль үстіміздегі жылдың желтоқсанында өткізілуі керек болған.
asyldin.kz


14 Ноябрь 2025
23 Джумада-авваль 1447

