Сауд Арабиясында тұңғыш рет тек нәзік жандылар қатысқан веложарыс болып өтті. Жалпы алғанда, 10 км трассада жеңіске жету үшін 47 нәзік жанды велошабандоз бақтарын сынасты. Жеңімпаздар бағалы силықтарға ие болды.
Бір қызығы, әлеуметтік желі қолданушыларының қыз-келіншектердің веложарыспен айналысуының ойға қонымдылығы жөніндегі пікірлері екіге бөлінген.
Консерваторлық көзқарасты ұстанатын азаматтар: егер қыз-келіншектер велосипед тепкілері келсе, «еркектерді еріксіз еліктірмес үшін» елдің көп жиналмайтын жеріне барып тепсін, - деген пікірлер айтқан.
Ал халықтың басым көпшілігінің пікірі бір жерден шыққан, олардың айтуынша, қыз-келіншектердің велосипед тепкенінде тұрған құқыққа қайшы келер ештеңе жоқ, сонымен қатар, велосипед тебумен айналысу көргенсіздік емес.
«5-10 жылдан кейін веложарысқа қатысушыларға сөгіс айтып жатқандар өздерінің сөздері үшін ұялатын болады. Кезінде смартфондарға, теледидарға және мектептерге де қатысты осылай болған», - деп жазыпты түсінік берушілердің бірі.
Естеріңізге сала кетсек, соңғы бірнеше айдың ішінде Сауд Арабиясы үкіметі корольдікте тұратын нәзік жандылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтетін бір қатар заңдар қабылдаған.
Бұдан былай елдегі қыз-келіншектерге көлік жүргізуге, спорт клубтарына баруға, бұрындары нәзік жандыларға қолжетімді болмаған лауазымдар мен қызметтерге тағайындалуға рұқсат берілді.
asyldin.kz