Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында Төралқа мәжілісі басталды.
Мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, облыстың бас имамдары қатысуда.
Алқалы жиында ҚМДБ жұмысын жаңғырту жоспары, Рамазанға дайындық, жаңа ашылған мешіттерге ат қою, т.б. мәселелер талқыланбақ.
Сонымен қатар, облыс имамдарының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалады.


19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

