Сауд Арабиясы корольдігінде коммерциялық кинотеатр желісін ашуға тұңғыш рет лицензия беріліп отыр. AMC Entertainment Holdings Inc америкалық компаниясы осы мемлекетте аталмыш индустрияның дамуына жол ашатын болады.
Bloomberg компаниясы өкілдерінің айтуына қарағанда, лицензия бойынша жуырдағы бес жылда Сауд Арабиясының әр түрлі аймақтарында шамамен 40 кинотеатр бой көтермек, ал 2030 жылға таман кинотеатрлардың санын жүзге жеткізуді жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, бірнеше ай бұрын ғана соңғы 35 жылда тұңғыш рет Сауд Арабиясында кинотеатрдың ашылуы туралы хабарланған болатын.
Корольдіктің билігі бұл қадам туризмнің дамуына, сондай-ақ, экономиканың өсуінің түрлілігіне мүмкіндік береді деп үміттенуде.
asyldin.kz