Дубайда әлемдегі ең биік мейманхана ашылуға дайын

Дубайда әлемдегі ең биік мейманхана ашылуға дайын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Дубайда әлемдегі ең биік мейманхана ашылады деп күтілуде.  Халықаралық сауда орталығы ауданында орналасатын Gevora мейманханасының биіктігі 356 метрді құрайды.

528 нөмірден, 75 қабаттан тұратын мейманхананың салтанатты ашылуы үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанына белгіленіп отыр. Нөмірлерден бөлек мейманхана ғимаратында 4 мейрамхана, сауықтыру клубы және  «люкс» санаттағы спа болмақ.

Осы арада айта кеткен жөн, қазіргі таңда әлемдегі ең биік мейманхана титулы JW Marriott Marquis Hotel тиесілі, ол да Дубайда орналасқан. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: