АРАБ ЕЛДЕРІ ТРАМПТЫҢ ШЕШІМІН ЖОЮДЫ ТАЛАП ЕТТІ

АРАБ ЕЛДЕРІ ТРАМПТЫҢ ШЕШІМІН ЖОЮДЫ ТАЛАП ЕТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Араб мемлекеттері лигасы Құрама штат президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімін жоюды талап етті. Бұл туралы Каир қаласында өткен панарабтық ұйымдардың сыртқы істер ведомство басшыларының кеңес отырысы қорытындысында мәлімдеме жасалды.

Кеңес Ақүй басшылығынан Иерусалим жөніндегі шешімді қайтып алуды және халықаралық қауымдастықтармен бірлесіп Израиль БҰҰ резолюциясын орындауын қадағалауды, 1967 жылдың 4 маусымынан бері барлық араб және палестиналық территорияларға басқыншылық жасауды тоқтатуын талап етті.

Араб мемлекеттер лигасы АҚШ-тың Иерусалим бойынша шешімі халықаралық құқыққа, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына қайшы екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл шешімнің ешбір заңдық негізі жоқ, тек жағдайды ушықтыра түседі, деп пайымдайды кеңес мүшелері.

 Kazislam.kz 


"Алланың алдында дұғадан құрметтірек (қадірлірек) еш нəрсе жоқ"Ахмад, Тирмизи, Абу Хурайрадан, аль-Албаний сахих хадис деген .

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: