Жол шетінде оқылған намаз үшін БАӘ-де айыппұл салынатын болады

Жол шетінде оқылған намаз үшін БАӘ-де айыппұл салынатын болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ-де автокөлік иелеріне намаз оқуға жол шетіне тоқтағандары үшін  айыппұл сала бастайтын болады. Бұдан былай жол шетінде намаз оқу иман келтіргендер үшін қомақты қаржылай шығынға — 136 долларға айналады.

Дубайдың Жол-қозғалыс полиция департаменті директорының айтуына қарағанда, жол шетінде, әсіресе, автомагистральдерде тоқтау ажалды апаттарға әкеліп соғатын қауіпті бұзушылық болып табылғандықтан осындай шараны қолдану қажеттілігі туып отыр. 

Осы арада айта кету керек, «Русские Эмираты» ресурсы жазғандай, өткен жексенбіде  Sheikh Mohammad Bin Zayed Road тас жолында орын алған оқиғадан кейін жол шетінде намаз оқуға тыйым салу шешімін қабылданған, өйткені автокөлік жүргізушісі жол шетінде намаз оқып жатқандарды қағып кеткен екен.

Бақытқа орай, ешкім қаза болмаған.  Алайда алты адамның үшеуі ауыр халде жатқан көрінеді. 

muftyat.kz


«Ибраһим» сүресінің 31-аятында: «Иман еткен құлдарыма айт! Намазды дұп-дұрыс қылсын», - дейді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: