Дін мен діл

Ханафи мәзһабында намазда екі қолды тек алғашқы тәкбірде ғана көтереді. Ал бұл пайғамбарымыздың Абдулла ибн Омардан риуаят етілген хадисіне қайшы емес пе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

عَنْ عَلْقَمَةَ عَنْ عَبْدِ اللَّهِ أَنَّهُ قَالَ أَلَا أُصَلِّي بِكُمْ صَلَاةَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَصَلَّى فَلَمْ يَرْفَعْ يَدَيْهِ إِلَّا مَرَّةً وَاحِدَةً

 

   Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ ибн Мәсғуд): «Мен сендерге Алла елшісінің намазын оқып көрсетейін бе?, - деп намаз оқыды. Намазда екі қолын  бір-ақ рет көтерді». Бұл хадис Насайиде келтірілген. Дәрежесі сахих. Және бұл хадис Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің шартына сай.

 

Бұл хадис тағы да  Ахмадтың «Муснадында» келген. Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан қайтқанда қол көтерілетіндігіне  байланысты басқа сахих хадистерді емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Себебі, Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы ең көп фиқһ білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді.

 

Сондай-ақ, қолды рүкүғқа бара жатқанда және қайтқанда көтерілетіндігіне байланысты сахих хадисті риуаят еткен Абдуллаһ Ибн Омардың өзі іс жүзінде намазда бір-ақ рет қол көтергендігі сахих жолмен жеткен. Ендеше, ханафи мәзһабындағы хадисті жеткізген адамның хадисін емес, ісін негізге алу ережесі бойынша да қолдар алғашқы тәкбірде ғана көтеріледі.