Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде қала имамдарының біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтілді. Имамдарға дәріс оқуға ҚМДБ-ның жанындағы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі, Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы, «Нұр-Мүбарак» университетінің докторанты, қари Әміре Ерсін Бекайдарұлы арнайы келді.
Дәріс «Әһлу сунна ақидасының, оның ішінде «матуриди» сенімі», «Әһлу суннаның уаһһабия ағымынан өзгешелігі» және «Имамдық – жауапты қызмет» тақырыптары аясында өрбіді.
Семинар соңы сұрақ-жауап күйінде жалғасып, имамдар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап ала алды. Қаланың бас имамы Қанат Жұмағұл имамдарға дәріс оқыған Ерсін Бекайдарұлына алғысын білдірді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.


19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

