Шу қаласы әкімшілігінің мәжіліс залында әкімшілік қызметкерлердің ұйымдастыруымен қала тұрғындарымен аталған тақырыпта кездесу өтті.
Жиынға әкімдік қызметкерлері, Шу қаласының тұрғындары және Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы қатысты.
Жиында ең алғаш болып сөз алған қаланың бас имамы жиналған көпшілікке тартымды да тұщымды уағыз айтты. Сонымен қатар қазіргі таңда дүние жүзіне қауіп төндіріп тұрған терроризмнің дінге ешқандай қатысы жоқтығын түсіндіріп өтті.
Өйткені, Исламда бір кісіні жазықтан жазықсыз өлтіру - жер бетіндегі барлық адамды өлтіргенмен тең, ал бір адамды өлімнен құтқару барлық адамзатқа өмір сыйлағанмен тең сауап.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі