Біз қаншалықты өз Жаратушымызды жақсы көретін болсақ, Ол да соншалықты бізді жақсы көреді.
Сұрақ: Алланың сүйіспеншілігіне ие болу үшін не істеу керек?
Жауап: Асылында, Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне ие болуға себеп
болар барлық амалдарды сипаттап беру мүмкін емес. Сондықтан аталмыш сұраққа қатысты ортақ бір
қағиданы айта кетуді жөн көрдік. Алланың
бізге деген сүйіспеншілік дәрежесі, біздің қаншалықты Оның бұйырғандарын
орындап, тыйғандарынан тыйылатынымызға байлансты анықталады.
Яғни, біздің жасайтын әрбір құлшылығымыз
(намаз, ораза, зекет, ата-ананы
тыңдау, туған-туыстарға, мұқтаж жандарға және өзгелерге деген көмек) Алла
Тағаланың сүйіспеншілігіне ие болу құралы болып табылады. Сондай-ақ, барлық
тыйым салғаннан бас тарту (зина, өтірік,
маскүнемдік, ата-ананы тыңдамау, ғайбат, ұрлық, парақорлық және т.б.) Жаратушы Иеміздің разылығын тудыру болып
табылады.
Хадистердің бірінде былай айтылған: «Алла Тағала айтқан: «Кімде-кім Маған жақын
жанға жауласар болса, Мен оған соғыс жариялаймын! Маған жақындауға тырысуда
Менің құлымның Мен үшін жасайтын ең ұнамдысы — Менің оған жүктеген
міндеттерімді орындауы. Сонда Менің
құлым Мен оны жақсы көрмейінше. көп мөлшерде тиісті дүниелерді жасау арқылы
маған жақындауға тырысатын болады, ал
мен оны сүйер болсам, онда оның есту, көру қабілеттеріне аналамын, бір нәрсені
ұстайтын қолы және жер басып жүретін аяғы боламын.
Және де егер ол Менен бір нәрсе сұраса,
Мен міндетті түрде оған сұрағанын сыйлаймын, ал егер Менен оны қорғауын сұраса,
Мен міндетті түрде оны қорғаймын»» (Бұхари, Рикак, 38).
Екінші жағынан алып қарайтын болсақ, егер Алла Тағаланың бізді қаншалықты жақсы көретінін білгіміз келсе, онда өз жүрегімізге үңіліп, Оны қаншалықты жақсы көретінімізді қарайық. Біз қаншалықты Жаратушымызды жақсы көретін болсақ, ол соншалықты бізді де жақсы көреді. Ендеше, ең алдымен, Алла Тағалаға сенім артуға, құлшылық ету арқылы өз иманымызды нығайтуға, Оны барлық жан-тәнімізбен сүюге, бізге берген барлық нығметтері үшін разы болуға әрі өмір бойы шүкіршілік етіп өтуге міндеттіміз.