Қиямет күніне дейінгі болатын оқиғаларды көзбен
көргендей бүге-шігесіне дейін баяндап айтып кеткен
Алла елшісін танып-білу әрі балаларымызға таныту
– Пайғамбарымызға деген сенімімізді жаңартудың
нышаны. Осы тұрғыдан алғанда Пайғамбарымыздың
нақты әрі ешқандай түсіндіруді қажет етпейтін
хабарларының көп екені соншалық, хадис-шәріптерінде
ол өзі дүниеге келген бақыт ғасырынан күні бүгінге
дейінгі аралықта болатын ең маңызды оқиғаларды дәл
атап, алдын ала ескертіп кеткен.
Айталық, моңғол
шапқыншылығы, Сирияның қырғынға ұшырауы, Евфрат өзенінің құнының еселеп артуы, Талиқандағы
мұнай қорлары, ақырзаманда азғындықтың кең өріс
алуы секілді көп жайттан нақты хабар берген.
Бұларды көріп-біле тұра, оның айтқандарына сенбеу
мүмкін емес.
Осылардың барлығын рет-ретімен ұрпақ санасына құя алсақ, бала Пайғамбарымыздың ұлылығына бас
иіп, ерекше құрметпен қарайтын болады. Мұндай баланың санасынан ешкім де Алла елшісін өшіре алмайды.
Ешқандай ұстаздан сабақ алмаған, Алладан басқа
ешкімнен ештеңе үйренбеген хазірет Мұхаммедтің
(саллаллаһу алайһи уәсәллам) бұрынғы әрі болашақтағы барлық
ілімдерді білгенін білуіміз, әрі басқаларға да
жеткізуіміз бұл Пайғамбарымыздың алдындағы адал
борышымыз болып саналады.
Алла елшісінің адамға және бүкіл қоғамға
қатысты жасаған төңкерістері туралы байыпты
еңбек жазылар болса, ол нар көтере алмас жүкке айналар еді. Біз бұл жайында тыббы нәбәуи (пайғамбарлық
медицина), Пайғамбардың ғайыптық хабарлары
және оның басқа да тұлғалық қасиеттері жайында жазылғандарды мыңдаған еңбектерге қалдырып,
басқа бір тақырыпқа ойысқанды жөн көрдік.