Жамбыл облыстық қыздар, әйелдер секторының мәжілісі өтті.

Жамбыл облыстық қыздар, әйелдер секторының мәжілісі өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі Қыздар, әйелдер секторының мәжілісі өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Асхат Акмамбетов, Қыздар, әйелдер секторының Жамбыл облысы бойынша өкілі Зейнеп Үсенова, психолог Ләззат Мырзаш, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Гүлжан Алдасаева, «Һибатулла Тарази» мешітінің есепшісі Ұлбосын Оразова, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова, «Әулие ата» мешітінің ұстазы Фатима Мұсаева қатысты.

Аталған бас қосуда алдағы жоспарлар талқыланып, ҚМДБ бекіткен 4 бағыт бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Жұмыстың бағыты мен әдіс-тәсілдері баяндалып, жиын мүшелері өз ойларын ортаға салды.

Ұстаздың қасиеттері, деструктивті ағымдармен күрес, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту, қыз бала тәрбиесі тақырыптары сөз болды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: