Қыздар секторы мерейлі Мәуліт мерекесін атап өтті.

Қыздар секторы мерейлі Мәуліт мерекесін атап өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі Қыздар, әйелдер секторы «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстаздары мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің Мәуліт» атты рухани кеш өтті. Аталған жиынға қала мешіттерінің ұстаздарымен әйелдер жамағаты қатысты.

Іс-шараның шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылды. Құранды сауат ашу курсының 10 жасар шәкірті Маржан Еркінбек оқыды. Шәкірт қыздар пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған салауат пен діни әуендер орындады. Сонымен қатар «Алманың ақысы», «Омардың (р.а.) исламды қабылдауы» сынды қойылымдар қойды. Бірі қарапайым студент, бірі жас келін болса да қыздар берілген рөлдерде тамаша ойнап, көрерменнің көзіне орта ғасырды елестетті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ұлықталып, шәкірттер жүрек жарды өз қаламынан туған арнауларын оқыды. Желтоқсанды көзімен көрген қарттар ғибратты оқиғаларды ортаға салды. Өз көріністерімен көпшілікті жылатқан жастар ұстаздары берген білімімен мерекелік іс-шарада елмен бөлісті.

Мешіттің ақ жаулықты әжелері ақ батасын беріп, әжелер мектебінің озық үлгісін өнеге етті. Ал ұстаздар пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы уағыз-насихат жүргізді. Қыздар, әйелдер секторының Жамбыл облысы бойынша өкілі Зейнеп Үсенова жамағатты тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және ұлық мәуліт мерекесімен  құттықтады.

Қарасы қалың жұртшылық жайылған дастарханнан ауыз тиіп, ұстаздар мен шәкірттерге алғысын айтып тарқасты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: