Сағындым сені, я Расулаллаһ!

Сағындым сені, я Расулаллаһ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы  «Байзақ баба»  мешітінің бас имамы Рамиз Азизов қажының тапсырмасымен мәуліт мерекесі ауылдағы мешіттерде «САҒЫНДЫМ СЕНІ Я РАСУЛАЛЛАҺ» атты тақырыпта кең көлемде атап өтілуде.

Айтар болсақ Байзақ ауданына қарасты  Аймантөбе ауылында «Аймантөбе» мешітінде мәдени іс-шара жүргізіліп, пайғамбарымызға (с.а.у) салауаттар айтылып, мәуліт жырын арнайы «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаев оқыды.

Соңынан, келген жамағатқа дастархан жайылып, жағдайы төмен 7 отбасыға көмек берілді. Сондай-ақ Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында  «Әбдімәжит» мешітінде халыққа  мауліт дастарханы жайылып, облыстан келген «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов мәуліт жырын оқыса, «Байзақ баба» мешітінің найб имамы пайғамбарымыздың (с.а.у) өмір баянынан сыр шертіп, жамағаттың қойған сұрақтарына жауабын берді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: