Таразда теріс ағыммен күрес жүргізетін топ құрылды.

Таразда теріс ағыммен күрес жүргізетін топ құрылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінде жат ағымдардың алдын алу мақсатында мәжіліс ұйымдастырылды. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, арнайы «Нұр Мүбарак» университеті жанынан ашылған «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында мамандарды қайта даярлау» институтын тамамдаған «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев пен қала имамдары қатысты.

Аталған жиында Тараз қаласының білікті деген 12 дін маманынан тұратын арнайы топ құрылды.

Алып мақсатты алға қойған бас қосуда көкейкесті мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, алдағы уақытта аудан имамдарына семинар жүргізу, жат ағым өкілдері жиі жиналатын мешіттерде дәріс өткізу, бұрыс бағытта жүрген адамдармен жеке кездесу өткізу, өзекті тақырыптарда бейнежазба дайындау, сонымен қатар ханафи мазһабы бойынша намаз оқу үлгісінің дәлелдері мен дәйектері көрсетілген бүктеме шығару жоспарлануда.

Теріс ағыммен күрес мақсатында дін мамандарынан арнайы құрылған топ әрбір айдың басында жиналыс өткізіп отыруға келісті. Талабы – қатаң, мақсаты – биік имамдар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске қол жұмыла кірісіп те кетті.

Ия, қолға алынғын жұмыс біраз дүниені қопарып, үлкен нәтижені көрсетуге лайық. Бұл жобаның ел үшін пайдасы мол болары сөзсіз.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: