Қиналып жүрген жандарға көмек көрсету – адамзат баласының бір ізгі сипаты. Жоқшылық не істетпейді, не жегізбейді? Кейіпкердің айтуынша, бірталай жерге барып, еш нәтиже шықпаған соң, ең соңғы үміті мешітке барып мұң-мұқтажын мешіт қызметкерлеріне жеткізу үшін келген екен.
Бір жылдай коммуналды қызмет табиғи газға төленбеген қарызы 120 000 теңгені көрсетіп, ала жаздай ескерткен ауданның газ шаруашылығы амалдың жоқтығынан газ беруді тоқтатқан. Газды қайта қосу үшін жұмсалатын ақша мен ескірген газ тексергішті ауыстыру бағасы 80 000 теңге қажатты құрады.
Жалғыз басты әйел 7 бала тәрбиелеп, еш жерде жұмыс жасамаған екен. Ал көпбалалы ананың жағдайын көріп қайтқан мешіт қызметкерлері 200 000 теңге қарыздарын төлеуге қаржы бөлген болатын.
Аудандық «Меркі ата» мешіті