Аса жамағаты дін мамандарымен кездесті.

Аса жамағаты дін мамандарымен кездесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жат ағымдардың алдын алу мақсатында Аса ауданының мешіттерінде жамағатпен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев пен «Құлбай баба» мешітінің бас имамы Талғат Сматов арнайы барып қайтты.

Жиын ақшам уақытында Бірлесу-Еңбек ауылдық мешітінде өтсе, құптан намазының алдында «Бәйдібек» мешітінде жалғасын тапты.

Дін мамандары жамғатпен жүздесіп, теріс ағымдардын сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Мазһаб ұстанудың артықшылығы мен дұрыстығы» жайында уағыз-насихат айтты. Көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарына дәйекті жауаптар да берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: