Жамбыл ауданы Аса ауылының әкімшілігінде «Дін және дәстүр» атты дөңгелек үстел өтті. Оған ауыл қариялары және мекеме басшылары, ауыл жастары қатысты.
Іс-шараға «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев пен «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Сматов, Жамбыл облысы дін проблемаларын зерттеу орталығының ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Алмас Құлымбетов арнайы келді.
Іс – шара барысында жастарға үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, мазһапты ұстану туралы уағыздар айтылды. Көпшіліктің сұрақтарына жауаптар берілді.
Алмат БЕРІКБАЙҰЛЫ,
«Бәйдібек» мешітінің найб имамы