Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округінде 20 желтоқсан күні Қ.Рұсқұлбеков атындағы орта мектебінде "Дін және қазіргі жастар" тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға округ әкімі Т Мұсақұлов, ауыл имамы М.Әбдібеков, мектеп директоры Л.Қалтаева, учаскелік полиция инспекторы Т.Абдрашов, дінтану пәнінің оқытушысы А.Молдабаев қатысты.
Кездесу қонақтары мектеп оқушыларына қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, жастарымыздың Исламның, қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлім үйренулері керек екендіктері туралы айтылды.
Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпақ ислам дінінің рухани құндылықтарын бойға сіңдіру керектігі тілге тиек болды.
Мойынқұм аудандық мешіті.