Шу қалалық ЖӘМИ мешітінде Мəуліт оқылды

Шу қалалық ЖӘМИ мешітінде Мəуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы орталық «Жәми» мешітінде Пайғамабарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған күні аталып өтті. Жиналған жамағатқа Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Алланың сүйікті елшісінің өмірбаянынан сыр шертіп, жастарымызды үлкенді сыйлап құрметтеу пайғамбарымыздың жолы екенін айтып өтті.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан айына орай "Жәми" мешітінде мəуліт шәрифті Алға ауылдық мешітінің молдасы Абдраймов Әбубәкір оқыды.

Мәуліт соңынан жиналған жамағат арнайы жайылған дастарханға отырып, дастархан үстінде бас имам тартымды уағыз айтып, насихат жүргізді.

Жиын соңынан жалпы жиналған жамағаттың дүниеден өткен ата-бабаларына арналып құран бағышталды.

Мәуліт айының құрметіне демеушілер арқылы тұрмыстық жағдайы төмен 4 отбасыға 10 тонна көмір үлестіріп берілді.

Бас имам игілікті іс-шараға ат салысқан жамағатқа алғысын айтып, қыс мезгілінде қол ұшын созып қайырымдылық жасаған қолы ашық жомарт жандарға Жаратушы Иемізден жақсылық тіледі.

«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: