Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан ай – мәуліт айы барша мұсылман қауымы үшін айтулы мереке. Бүгін орталық мешіттің ұйымдастыруымен өткізілген рухани-сазды кеш «Жеті қазына» мейрамханасындағы игі іс-шарамен жалғасын тапты.
100 адамға арналған ақ дастархан жайлып, ас берілді. Құран аяттары оқылып, жүрекке азық болар уағыз-насихаттар айтылды. Өнегелі қарияларымыз батасын беріп, марқұмдарға Құран сауаптары бағышталды.
Сонымен қатар өнерпаздар діни термелерін айтып, жамағат жүрегіне терең бойлады.
ҚМДБ «Һибатулла Тарази» мешітінің жастар қоры ұйымдастырған қайрымдылық науқаны өтіп, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді. Аталған көмекті ҚМДБ-ның Тараз қаласы бойынша бас имамы Ғазиз Ахметов пен аталған жастар қорының көшбасшысы Абылай Карипбаев табыстады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі қари Данияр қажы Жұмабаев облыс имамдарын алғыс хаттармен марапаттады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.