Өкіл имам Астана жамағатына уағыз жүргізді

Өкіл имам Астана жамағатына уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани көшбасшысы, облысымыздың өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев Астана қаласына арнайы іссапарға барып қайтты. Сапар барысында қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына арнап мәуліт оқыды.

Сонымен қатар жамағатпен жүздесу өткізіп, құптан намазынан кейін Данияр қары «Құранға амал ету» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Қасиетті Құран Кәрімді оқу, оған амал ету, шариғат қағидалары мен ережелері, күнделікті өмірімізге қажетті дұғалар жайы айтылған насихат көпшілікке азық болған-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: