Орталық мешітте Мəуліт оқылды

Орталық мешітте Мəуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан айына орай "Һибатулла Тарази" мешітінде мəуліт оқылды.

Адамзаттың асыл тəжі болған Расулуллаһтың өнегелі ғұмыры мен мінез-құлқы, өсиеті жайлы уағыз жүргізіліп, салауаттар айтылды. 
Аталған іс-шараға 1 ғасырлық тарихы бар "Əулие ата" мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов арнайы келді.

Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) басқалардан артық жақсы көретін жамағат оны еске алып, дұға жасады.
Сонымен қатар жамағатқа Алла елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті жемісі құрма таратылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: