Мойынқұм ауданындық Ішкі-істер бөлімінде полиция палковнигі Асылхан Зауырбеков аудан имам-молдаларымен кездесті.
Кездесуде Асылхан Зауырбеков жат ағымдармен бірігіп күресу жолдарын бағдарлап берді. «Мойынқұм» мешітінің бас имамы бұл жоспарды құптап, әрі мешіттерге бейне бақылау орнатуды ұсынды.
Сондай-ақ, жиында имамдар мен молдалардың аудан бойынша атқарған жұмыстары сараланып, нақты тапсырмалар берілді. Ауыл молдалары көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, жауабын бірге қарастырды.
Аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі





03 Маусым 2026
17 Зуль-хиджа 1447

