Шулық ауыл молдалар жылдық есебін қорытындылады

Шулық ауыл молдалар жылдық есебін қорытындылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би мешітінде жылдық қорытынды есебіне қатысты ауыл молдаларымен жиналыс өткізілді.

 Жиын барысында ауыл молдалары бір жыл ішінде атқарған іс-шаралары бойынша есеп берді.

Ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауыл молдаларының есебін тыңдап, жұмыстарына баға беріп, мешіттер құрылысына қатысты күрделі жұмыстарды өз деңгейінде атқарған ауыл молдаларына алғысын айтты.

Сонымен қатар, келе жатқан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Мәуліт айы мерекесін ауылдарда өз деңгейінде атап өтуді жүктеді.

Жиын соңында ауыл молдаларына өз білімдерін арттырып, жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болуларын айтып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: