Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай спорттық сайыс өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай спорттық сайыс өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында «Тарлан» Қазақстан бокс федерафиясы ғимаратында тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Желтоқасан оқиғасының 30 жылдығы және Қайрат Рысқұлбековтың 50 жасына толуына орай еске алуға арналған дәстүрлі Таэквондодан республикалық 17 турнирі өткізілді.

Қазақстанның 5 облысынан келген командалық құрамында 300-ге тарта жасөспірімдер 3 күнге созылған турнирде өз өнерлерін көрсетті.

Өткізілген турнирге арнайы шақырылған Шу аудандық Төле би мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы жиналған жамағатты Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай отырып, қатысқан жасөспірімдерге сәттілік тілеп, Қайрат Рысқұлбеков ағамыздың рухына Құран бағыштап батасын берді.

Осындай кең көлемді турнирлер өңірімізде өз жалғасын табуда.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: