Меркідегі Мәуліт мерекесі ұлттық нақышта өтті.

Меркідегі Мәуліт мерекесі ұлттық нақышта өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы Мәуліт мерекесін атап өту – ауылды жерден басталуы қуантарлық жай. Қызмет етіп жүргеніне бірнеше ай ғана болған мешіт имамы Меден Жұбаныш Мәуліт мерекесін бірінші болып атқаруға мұрындық болды.

Мәуліт мерекесін салт-дәстүрмен ұштастырып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, білек-күш сынасу, көкпар ойындары жүргізілді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірінен сыр шерткен ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев жиналған көпшілікті бір тербелтті. Мәуліт оқылып, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмір жолы, пайғамбарлық кезеңдері, өмірінің соңғы күндері жайлы бейнефильм көрсетілді. Жиналған халық мерекелік дастарханнан дәм татып, соңынан ұлттық спорт ойыны көкпарды тамашалады.

Ауылдан бастау алған Мәуліт мерекесін алдағы уақытта Алла қаласа аудандық деңгейде өткізу жоспарланып, дайындық шаралары жасалуда.

Аудандық «Меркі ата» мешіті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: